IMG 445

IMG 445

ҚМДБ-ның айрықша жұмыстарының бірі – түрлі кереғар ағым мүшелері мен жеке кездесуге байланысты Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде шүғыл кездесу болып өтті.
Аталмыш шараны өкіл имамы А.Керімбек ашып, төрағалық етті. Бүгінгі таңда, облыс аумағында жеке кездесу жұмыстарына облыс имам орынбасарлары Амантай Садиев болса, ал абақтыда жазасын өтеушілермен Мұсабек Ақтамберді жетекшілік етуде. Оның жетекшілігімен Шымкент қаласында 30 маман, ал қала, аудан деңгейінде 70 маман жұмыс жасайтын болады.
Кездесу барысында әр бір маманға алдағы уақытарда атқаратын жұмыстарының саны мен сапасын күшейту қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, жеке кездесуде жұмыс жасайтын әр бір маманды «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-коллежінің оқу базасында біліктіліктерін арттыруға арналған семинар-тренингі өткізу және кереғар ағымдардың алдын алу мақсатында анықтамалық ақпараттық кітапшалар мен парақшалар шығару жоспарлануда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 443

IMG 444

IMG 445

IMG 446

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38