Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінде ауданға қарасты мешіт имамдарына ҚМДБ 2022-ші жылды «Ислам- ынтымақ және бірлік діні» аясында, дін қызметкерлеріне
«Ел бірлігі – ынтымақтың кепілі» атты тақырыпта семинар өтті. Жиынның басында «Қаңтар қасіреті» еске алынып, елдің ынтымақ, бірлігі үшін жан тапсырған батырларымыз үшін құран оқылып, дұға бағышталды. Жиналысты Шымкент қалалық бас имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамбердіұлы ҚМДБ жауапты дін қызметкерлері әрқашан елдің ұйытқысы болып, алауыздыққа жол бермеу мақсатында жарғақ құлақ жастыққа тимей қызмет етуге шақырды. Семинар соңында
2022 жылғы атқарылатын жұмыстардың жоспары талқыланып, нақты тапсырмалар мен жауапты имамдарға міндеттемелер жүктелді. Жиын соңында ақсақал имам елдің ынтымағы мен береке бірлігі үшін бата жасады.