Бүгін,  Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Берекелі жұма: Күшіміз бірлікте»  атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастамасымен Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек пен аудандық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Ержігіт Мамытұлының қолдауымен 25 отбасыға азық-түлік салынған себеті үлестірілді.

Жалпы, бір отбасыға берілген себетте он бес мың теңгені құрайтын ұн, май, макарон, шәй, т.б.  азық-түлік өнімдері салынған.

Қайырымды һәм берекелі жұма күндеріміз көп болғай!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38