Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің бір топ ұстаздары елдің амандығы мен тыныштығы үшін «Ислам ынтымақ пен бірлік діні» атты дұға ету шарасын ұйымдастырды.
Игі шара аясында «Шымкент медресе» колледжінің директоры Талғат Әсембай арнайы бастамашыл болып, елдің амандығы мен бірлігі жөнінде тоқталып, елді сабыр һәм мейірімді болуға шақырды.
Сондай-ақ, игі шара аясында медресе ұстаздары арнайы оқыған хатым Құранды шейіт болған азаматтардың рухына сауабы бағышталды.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі