Елдегі жағдайға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеме жасап, халықты сабырға, бірлікке шақырды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрқашан халықпен бірге. Алла Тағала ауызбіршілігімізді нығайтып, халқымыздың арман-тілегін орындап, елдің амандығын, бірлігін нәсіп етсін!

Қадірлі ағайын! Біз әрқашан еліміздің амандығы мен келешегі үшін барынша аянбай халқымызбен, жамағатымызбен бірге қызмет жасап келеміз. Алла осы қызметімізге береке берсін!

Әр қазақтың амандығы мен саулығы барлығымызға өте қымбат! Сондықтан елдің амандығы мен тыныштығын ойлайық! Жаратушы Алла Тағала елімізге құт-береке, ырыс-несібе дарытсын!» делінген Бас мүфти мәлімдемесінде.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38