Бүгін, Шымкент қаласы «Оңтүстік» телеарнасындағы тікелей эфир арқылы көрсетілетін «Түскі уақыт» телехабарына «Адал ас – денсаулық кепілі» атты тақырыбы көретіліп, оған Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев қатысып, сұқбат берді.
Тікелей эфир арқылы телекөрермендер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға нақты әрі тұщымды түрде жауап берілді.
Сондай-ақ, «Халал Даму» ЖШС-ның Шымкенттегі бөлімшесінің қызметі мен атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде түсіндіріп, халал өнімдерін насихаттады.
Айта кетсек, аталмыш телеарна басшылығы тарапынан Халал өнімдерін насихаттау үшін арнайы хабарлар дайындауға және тұрақты эфир арқылы насихаттауқа қолдау көрсетілетін болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі