Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әйел жамағатына қоғамдағы болып жатқан қиын мәселелердің, оның ішінде әйелдердің күйзеліске ұшырауы мен өзіне қол жұмсаудың алдын алу шарасы ретінде үгіт-насихат жүргізді. Шара Шымкент қаласындағы «Медине» кафесінде өтті.
Насихатты жүргізген ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан Асылханқызы және терапевт және психолог Нуранова Алтынкүл Ілімбайқызы.
Спикерлер тыңдармандарды өмірге талпындырып, өмір сүрудің мәнін түсіндіру үшін тіл төкті.
Тәуелсіздік мерекесіне тұпа тұс жасалған бұл шарада келген қонақтарға елдің сүйікті тәттісі Қазақстан шоколады сыйға таратылды.
Елдің қамы үшін осы шараға атсалысқан шырылдаған жанашыр ұйымдастырушылар мен демеушілерге үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ел үшін, дін үшін деп қаражатын, уақытын, денсаулығын, білімін, насихатын және т.б.ларын аянбай жұмсағандарға ұлы Раббымыз жаннаттың төрінен орын бергей деп тілейміз.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі