Шымкент қаласы Қаратау ауданы Анламас ата мешіті Әйел-қыздар бөлімінде «Құран – көңілімнің көктемі» атты іс-шара өтті.
Кеш концерттік бағдарлама форматында жүрді. Құранмен басталып, алғысөз айтылды.  «Құранның тәрбиесі» атты көрініс көрсетілді,  «Уақыттың қадірі» атты өлең жолдары мен «Жетім қыз» тақырыбында монолог оқылды. Осы кеште тағы Құран әліппесін бітірген шәкірттерге марапаттау да өткізілді. Сыйлықтар беріліп дастархан жайылды.
Бұл мешітте әйел-қыздар бөлімі жұмысын бастағалы көп болмаған еді. Дегенмен жамағаттың белсенділігі мен Амангелді Нұргүл ұстаздың еңбегімен қысқа уақытта 12 қыз және келіншектер Құран әліппесін бітіріп Құранды оқи алатын жағдайға жетті.
Осы кештен арнайы айтып өтер Мехринниса апамыз бар. Мехринниса апа 52 жаста. Құран оқығым келеді деп арманда жүрген екен. Мешіттен сабақ алуға болатынын біліп Құран үйренуге келген екен. Бір ғажабы көп жастардың көрсете алмаған нәтижені көрсетіп, 12 ақ күнде Құран әліппесін бітірді. Өзі де қуанып көзіне жас алды. Ендігі арманы Қүранды оқумен және жаттаумен өмірін толтыру болмақ.
Раббым осы апамыздай Құран оқып ел үшін, дін үшін, ұлт үшін батасын берер ата-әжейлерімізді көп еткей!

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38