Шымкент қаласы Қаратау ауданы Ибрагим ата мешітінде тәуелсіздігіміздің құрметіне «Құран – жүрегімнің нұры» атты рухани кеш өтті.
Кеште тәуелсіздік жолында құрбан болған 16 желтоқсан шейіттерінің рухтарына Құран бағышталып, дұға оқылды.
Одан әрі Құран оқудың, бағыштаудың, шейіттерді қадірлеудің артықшылығы жайында сөз қоғалып , монолог оқылып, иләһи әндер мен патриоттық әндер айтылды және спектакльдік қойылымдар мен слайт-шоу көрсетілді.
Кештен рухани әсер алған келушілер, ізгі ниеттері мен алғыстарын білдірді.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі