12-желтоқсан күні Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Исамиддин баба мешіті – әйел-қыздар арасында Тәуелсіздігімізге-30 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік-тұғырым» атты іс-шара болып өтті. Мешіт шәкірттерімен ұйымдастырылған бұл кеште:
Желтоқсан құрбандарын еске алып, мешіттің бас имамы Ербосын Орын арнайы «Құран хатым дұғасын» жасады.
Келген қонақтарымызға салт-дәстүр салты бойынша бейне сұрақтар қойылды.
Сондай-ақ жастарымызға үлгі боларлық көріністер көрсетіліп, тәуелсіздіктің маңыздылығы жайында уағыз-насихаттар айтылып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор кешті ұйымдастырған және атсалысқан Сыдыкова Гүлжан ұстаз және шәкірттеріне Алла разы болсын!
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі