С: Басты және бетті жабудың жазасы қандай?
Ж: Егер ихрам киюші ер кісі немесе әйел басының, жүзінің барлық бөлігін немесе төрттен бір бөлігін бір күн не бір түн жапса қой союы керек. Білмей істесін, біліп істесін, ерікті түрде болсын немесе еріксіз түрде болсын, қателесіп не ұмытып болсын немесе әдейі істеген болсын, ұйықтаған болсын немесе ояу болсын, үзірлі-үзірсіз болсын – бәрібір. Бір күннен немесе бір түннен аз уақыт жапқан болса немесе төрттен бірінен аз бөлігін жапқан болса садақа беруі уәжіп.
С: Ихрам киюші екі құлағын, не мұрнын, не желкесін, не сақалын жапса не болады?
Ж: Оған ештеңе етпейді.
С: Басын легенмен не таспен ағаш сияқты нәрселермен көлегейлесе не болады?
Ж: Ештеңе етпейді. Өйткені тыйым салынған нәрсе қалпақ, сәлде, орамал сияқты әдеттегі киімдер.
С: Ихрам киюші басын Қағбаның жамылғысының астына тығып тұрғандығы үшін жаза тарта ма?
Ж: Оған ештеңе болмайды. Алайда жамылғы бетіне немесе басына тисе мәкруһ болады.