С: Ихрам киюші ер кісі немесе әйел денесіне иіс су сепсе жазасы қандай болады?

Ж: Ихрам киюші денесінің бір мүшесіне толықтай не одан да көп жеріне иіссу сепсе бір қой союы шарт. Бір мүшеге жетпесе садақа береді. Мұндағы дене мүшесі – бас, сан, сирақ, қол, білек сияқты мүшелер. Бір мүшесінің аздаған бөлігіне аз иіс су сепсе садақа беруі керек. Бұл үлкенірек дене мүшесіне қатысты айтылған үкім. Ал, егер әтір себілген мүше мұрын, құлақ, көз, саусақ сияқты кішкене мүшелер болса үкімі үлкен дене мүшесінің бір бөлігінің үкіміндей болады. Яғни, садақа береді.

С: Денесінің бүкіл жеріне иіс су сепсе жазасы көбейе ме?

Ж: Егер бүкіл денесіне бір уақытта сепкен болса жазасы көбеймейді. Ал, әр уақытта, әр жерде майлаған болса соларға байланысты жазасының саны да көбейеді.

С: Егер әйел кісі қолын қынамен бояса үкімі қандай болады?

Ж: Оның жазасы да қой сою.

Ескерту: Иіс су себудің кәффаратының уәжіп болуы оның қанша уақытқа созылғанына байланысты емес. Мысалы, бір сағаттың ішінде сеуіп және жуып үлгерсе де жазасын өтеуі керек. Ал, киімге байланысты үкім керісінше. Иіс су себілген киім бір күн немесе бір түн киілген болса ғана жазасы уәжіп болады.

С: Ихрамдағы кісі ихрам киіміне иіс су сепсе жазасы қандай?

Ж: Қажылық жасаушы киіп жүрген ихрам киіміне иіс су сепкен болса және сепкен орны бір шибр (11,5 см) көлемінен көп болып, бір күн немесе бір түндей киіп жүрсе жазасына қой союы шарт. Ал, егер көлемі бір шибр ғана болып, бір күн немесе бір түн бойы киіп жүрсе жазасына садақа беру керек. Одан аз болса бір уыс бидай мөлшерінде садақа береді. Бұл – иіс су мөлшері аз болған жағдайлардағы жазалар. Ал, егер киім мөлшері аз болғанымен иіс су мөлшері көп болса құрбан шалуы керек.

С: Хош иісі бар крем, маймен майласа не болады?

Ж: Хош иісті май, кремнің үкімі иіс судың үкіміндей. Мысалы, басын исі бар маймен майласа қой союы тиіс.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38