ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Ерсін Әміре «Иман мен амал» тақырыбы бойынша уағыз айтты.
Уағыз барысында иман, ақида, амал және риякерлік жөнінде кеңінен тоқталды. Мұнымен қатар, түрлі деңгейдегі жиындар мен той-думан кезіндегі арақ-шараптың ішілуі үлкен харам екендігіне кеңінен тоқталып, жан-жақты дәлелдер келтіріп айтқан уағызының орны ерекше болды.
Жалпы, жиналған жамағат өздеріне мол әсер алып тарасты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі