Шымкент қаласы Қаратау ауданы  Байғұт-баба мешіті «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Пайғамбарың кім?» атты онлайн марафон өткен болатын. Осы марафонның себебімен қатысушылар пайғамбар Мұхаммедтің  ( صلى الله عليه وسلم) өмір баяны пен өмір салтымен танысып, пайдалы ақпараттар жинады.  Осыған орай марафонның белсенді қатысушыларын марапаттап және тағы да пайдалы біліммен бөлісу мақсатында Байғұт-баба мешітінің ұстазы Гүлжан Нұрланқызының бастауымен кездесу өтті. Кездесуде Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі Досжанова Балжан пайғамбарға махаббат жайлы уағызын айтты. Кештің жалғасында тамаша слайд, вебинар және қатысушылардың алған білімін сынау үшін викториналық сұрақтар қойылып,  сыйлықтар тарту етілді.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38