Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешіті «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Құран әліппесін бітіріп Құранға өткен 35 шәкірт  Құран тәжі кигізіліп, салтанатты түрде марапатталды. Осы бір қуанышты жағдайды атап өту үшін канцерттік бағдарлама қойылып, сыйлықтар тарту етіліп, дастархан жайылып, жылы лебіздер білдірілді және үлкендердің батасы берілді. Бұл канцерттік бағдарламада Құран оқудың артықшылығы турасында уағыз айтылды, иләһи әндер, Құран туралы маналог оқылды. Ең қызықтысы сахабалардың өмірінен спектакльдік көрініс көрсетілді, және де арнайы Құран әліппесінің бейнесінде үлкен торт пісіріліп, келген қонақтарға тарту етілді.
Бағдарлама өте қызықты, өнегелі және рухани бай түрде өтті.
Осы бағдарлама үшін атсалысқан демеушілер мен ұйымдастырып, дайындаған ұстаздарға және барша шәкірттерге Алла разы болсын!

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38