Алла тағала адам баласына бұл дүниені сынақ етіп жаратты. Еш бір адам Алладан жіберілген қасыретпен сынақтардан өздерін сақтандыра алмайды. Себебі сынақты беретін де, одан сақтайтында бір Алла. Өйткені Қасиетті Құранда: مَا أصابَ مِنْ مُصِيبَةٍ إِلاَّ بِإِذْنِ اللَّهِ «Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды»,-деген. Пенденің бұл өмірдегі қуанышты сәттеріде қайғылы сәттеріде сынақ болып келеді екен, яғни Алла тағала пендеге беріп сынағаны сол қуанышты нығметтің қадіріне жетіп шүкір ете мекен деген секілді Алла тағаланың назарында болады, ал егер қайғылы жағдайға басы жетіп жатса сабырлықпен қарсы алуы міндеттеледі екен.
عَنْ أَبِى يَحْيَى صُهَيْبِ بْنِ سِنَانِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللّهِ صلى اللَّه عليه و سلم: عَجَبًا لأمْرِ المُؤْمِنِ إِنَّ أَمْرَهُ كُلَّهُ لَهُ خَيْرٌ, وَ لَيْسَ ذَلِكَ لِأحَدٍ إِلاَّ للْمُؤْمِن: إِنَّ أَصَبَتْهُ سَرَّاءُ شَكَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ, وَ إِنْ أَصَبَتْهُ ضَرَاءُ صَبَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ. رَوَاه مسلم.
Әби Иахя Сухайб ибн Синан (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз с.а.с былaй деді момының ісіне таң қаламын расында (Алла алданда) барша ісінде хайыр бар егерде қуанышты хабар жетсе (Алла тағалаға) шүкір етеді, егерде қайғылы хабар жетсе (Алла тағала үшін) сабыр етеді!
Осы хадиске негізделіп Жүсіп Баласағұн атамыз: «Сабыр етсең ісің оңға асады, шүкір қылсаң жамандақта қашады»,-деген екен.
Алла тағала құлдарын күнәларынан тазарту үшін сынақ жібереді екен, егер ол құлдарының күнәлары болмаса онда олардың дәрежесін көтереді.
Жаратушы Алла тағаланың біздерге берген сынағына сабыр етуді, сол сабыр етумен дәрежелеріміздің көтерілуін нәсіп етсін.
Тұрапбай Ақтөре Әліпбайұлы «Қождан ата» мешітінің имамы