Өздеріңізге белгілі, 12-13 қазан күндері Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Байқауға еліміз бойынша ең үздік 74 қари қатысты. Осы қарилардың ішінде  Шымкенттік  Әлібек Жалиев  30 пара номинация  бойынша топ жарып бас жүлдегер атанғаны баршаға аян.

Бүгін, қасиетті жұма намазында игі дәстүр бойынша Шымкент қаласының бас имамы  Бақдаулет қажы Нұрматұлы  ақ батасын беріп,  бас жүлдегер иесі Әлібек Жалиевке  ат  мінгізіп, сый-құрмет көрсетті.  

Еске сала кетейік, екі күнге созылған қарилар байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты байқау екі күн бойы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде, «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz парақшасынан онлайн көрсетілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38