Шымкент қаласы Қаратау ауданы Ақжайық мешітінің әйел-қыздар бөлімінде Мәуліт кеші өткізілді.

Кеште «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі Досжанова Балжан алғы сөзді айтып, мәуліттің қасиеті жайлы уағыз айтты. Осы ерекше күні сахабалардың пайғамбарға деген сүйіспеншілігі жайлы қойылым қойылып, иләһи әндер айтылып және мәуліт жыры оқылып ерекше бір рухани кеш болды.

 Кеш қонағы Жамбыл облысы, Бәйдібек мешіті ұстазы Жайна Сапарбекқызы да пайғамбарға махаббат жайлы уағыз-насихаттарын айтты. Ақжайық мешіт ұстазы Майра Жүніс ұстаз өзіндік әлемі әуезімен осы кеште пайғамбарға мадақ жыры Мәуліт оқып келушілердің жүрегін тебірентті. Кеш соңында сыйлықтар таратылып, берекелі дастархан жайылды. Келген қонақтар да кештен алған рухани әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38