Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Қаратау аудандық мешітінің ұйытқы болуымен  «Ақида һәм Ислам, Иман, Ихсан тағылымы» атты танымдық діни семинар өтті.

Ұйымдастырылған рухани семинар таяуда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти наурызбай қажы Тағанұлы ресми сапар аясында ашылған Сайрам тұрғынүй алабы «Сайрам» мешіті жанындағы «Қарашаш ана» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында өткізілді.

Рухани семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов, қалалық Жастар ісі секторы, ЖАНТ мүшелері мен мешіт имамдары қатысты.

Аталмыш семинарда ЖАНТ мүшесі әрі «Сайрам» мешітінің найб имамы Сәруархан қажы Ихсан ілімі туралы дәріс оқыды. Танымдық рухани шара соңында шаһардың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы барлық қатысушыларға Ихсан ілімі негізінде атқарылатын жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38