Өздеріңізге белгілі, жуырда Тараз қаласының маңында болған жарылыстан зардап шеккен отбасыларға шырайлы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Тараз, біз бергеміз!» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов пен қала имамдарының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Байзақ ауданына азық-түлік пен оқушыларға арналған мектеп сөмкелері табысталған еді.
Елімізде болған қиындық қабырғаны қайыстырған сәтте қолдау көрсетіп, жәрдемін аямаған имамдарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың атынан облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері арнайы Шымкентке ат артып, алғыс хат табыстап қайтты. Мамандар облыс имамының сәлемін жеткізіп, Алла разылығын тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі