«Зайырлылық таным және кереғар діни ағым» семинары өтті (ФОТО)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы  дін істері басқармасы мен  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесі «Зайырлылық таным және кереғар діни ағым» семинары өтті.

          Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, Шымкент қаласы дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, Заңгер-исламтанушы, PhD Ермек Бекбосынов, ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиев және дінтанушы мамандар мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттерінің имамдары қатысты.

          Айтулы  шарада  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы діни оңалту бағыты оның ішінде жат ағымдардармен алдын алу туралы хабарлама жасады. Және белгілі Заңгер-исламтанушы, PhD Ермек Бекбосынов пен ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиевтер арнайы дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

          Жоғары деңгейде ұйымдастырылған басқосу соңында барлық қатысушыларға сертификат табыс етті. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий