Жәннат пен Тозақ – Алла Тағаланың патшалығында Қиямет күні күтетін мекендер. Бұлар Жаратушы хикметі, адамзаттың үміті пен үрейі. Олардың хақтығын Құран Кәрімдегі керемет аяттар мен Пайғамбарымыздан ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)келген хадистер айқын дәлелдейді.
Алла Тағала:
«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болатын оттан (тозақтан) қорғаңдар! (Тозақтың) үстінде Алланың бұйырғанын екі етпейтін, әмір етілгенді (бұлжытпай) орындайтын сұсты да күшті періштелер болады» («Тахрим» сүресі, 6-аят) дейді
Ибн Масғұд ( Алла оған разы болсын ) жеткен хадисте
Алла Елшісі ( оған Алланың салауты мен сәлемі болсын: “ Жаннат сендерге аяқ киімнің бауынан да жақын . Тозақ ,- дәл солай жақын …” деген .
Жәннәт» сөзі – бау- бақша, жанға жайлы саяжай деген ұғымды білдіреді. Ол – мүминдердің мәңгілік мекені болғандықтан, онда Алланың мүмін құлдарына сыйлаған шексіз нығметтері бар. Жәннатты елестету, нақты суреттеу, қиялға салу мүмкін емес. Жалғанда оған теңдес дүние жоқ. Жәннатта астынан өзендер ағып жататын зәулім сарайлар, түрлі-түсті жеміс-жидектер, сан алуан тағам түрлері, яғни адам қажеттілігін қанағаттандыратын ғажайыптардың барлығы бар.
Фирдаус (әр нәрсені қамтитын жәннат бағы)
«Расында иман келтіріп, жақсы іс істегендер үшін Фердәуіс жәннаты, қонақ үй болады.»-(«Кәһф сүресі», 107-аят).
Тозақ – түңіліс пен өкініш. Бұл мекенге Алланың зұлымдығымен емес, әділдігімен өтеді. Бұл адамның өз таңдауы. Мәңгілік тұрғындарының көбісі Аллаға иман келтірмегендер, Оған серік қосқандар Құранда көптеген аяттар келтірілген. Соның бірінде:
«Ал, аяттарымызды өтірікке шығарып, оларға менменсіне қарағандар болса, солар – тозақтықтар, онда (тозақта) мәңгі бақи қалады» («Ағраф» сүресі, 36 – аят) делінеді. Яғни , Жаннатқа жақындататын амалымыз.
Шынайы құлшылығымызға байланысты Жаннатты жақындата аламыз.
Тозақтың мәңгі азабына ұшырататын ең ауыр күнә – Аллаға серік қосу. Бұл жайында жетпіс күнәні топтаған Имам Зәһабидің еңбегінде кеңінен баяндалады. Хадистерде ең үлкен күнә қатары Аллаға серік қосу, адам өлтіру, өз – өзін өлтіру, ата – анаға қарсы шығу, жалғанға куә болу делінеді. Одан басқа, Алладан үміт үзу, Жаратқанның қаһарынан қорықпау, Алланың бұйрығын тәрк ету, Оның тыйымдарынан бас тарту, Елшілерді айыптау, сүннетке қайшылық тудырған ағымға еру, дін ұстанған адал әйелді қаралау, жетім дүниесін жеу, туыс – туғаннан қарым – қатынас үзу, жаратылысқа қорлық көрсету, өтірік, ғайбат, бақытсыздықта сабырсыз болу, өсімқорлық, тәкаппарлық, сиқырлау, әділетсіздік, зинақорлық, сатқындық, опасыздық, сараңдық, көре алмаушылық тәрізді күнә игерген адамдар
Бұл өмірде адамдардың бәрі бақытты, бірақ өздері білмейді» дегендерге Қанаттанған бір ақын:
“Бақыттың кілтін Алла жасырып қойғанБұл өмірде адамдардың бәрі бақытты, бірақ өздері білмейді» дегендерге Қанаттанған бір ақын:
“Бақыттың кілтін Алла жасырып қойған
Біреулер оны базардан іздейді,
Біреулер мазардан іздейді,
Мүміндер оны намаздан іздейді”-дейді,
Біреулер оны базардан іздейді,
Біреулер мазардан іздейді,
Мүміндер оны намаздан іздейді”-дейді.
Ербол Тастанбекұлы Қалшабеков “Темірші ата“ мешітінің имамы