Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы бойынша ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, аудандық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ержігіт қажы Мамытұлы және аудандық «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.
Қайырымдылық шара барысында Ахаметжан Пірәліұлы шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың сәлемін жеткізіп, игі шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.
Әлемге дүрбелең салған індетке байланысты мектеп оқушыларына сөмкесі мен қажетті оқу құралдарын үйлеріне жеткізіліп, табыс етілді.
Жалпы, құны 400 мың теңгеге 100 оқушыға сөмкесі мен оқу құралдары үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі