Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабы Қавуршақ мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен екі айлық жазғы сауат ашу курсының қорытынды кеші өтті. Кеште осы мешіттің шәкірттері арасында  хадис жарысы да болды. Құран әліппесін оқып бітіріп Құран оқитын жетістікке жеткен шәкірттерге тәжі кигізу салтанаты жасалды. Екі айлық жазғы сауат ашу курсы барысында үздік нәтиже көрсеткендер мен белсенділерге сыйлықтар тарту етілді. Осыншама балалардың мешітке көңілдерін  жылытып білім беріп, тәрбие берген ұстаздары Атаходжаева Дильфуза ұстазға алғысымызды білдіреміз

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38