اللَّهُمَّقِنِي شَرَّ نَفْسِي، وَاعْزِمْ لِي عَلَى أَرْشَدَ أَمْرِي، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي مَا أَسْرَرْتُ، وَمَا أَعْلَنْتُ، وَمَا أَخْطَأْتُ، وَمَا عَمَدْتُ، وَمَا عَلِمْتُ، وَمَا جَهِلْتُ«. رَوَاهُ الحَاكِمُ وَأَحْمَدُ.
Оқылуы: «Аллааһуммә қинии шәрра нәфсии уаъзим лии ъәләә әршадә әмрии. Аллааһуммағфирлии мәә әсрарту уа мәә әъләнту уа мәә ахта’ту уа мәә ъамидту уа мәә ъәлимту, уа мәә жәһилту».
Мағынасы: «Уа, Алла! Мені нәпсімнің кесірінен сақта, мені ең тура іске шақыр. Уа, Алла! Менің құпиямды әрі жариямды, қателескенімді әрі әдейі істегенімді, біліп істегенімді және білмей істегенімді кешір» (Хаким, Ахмет риуаят еткен).
»اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ العَجْزِ، وَالكَسَلِ، وَالجُبْنِ، وَالبُخْلِ، وَالهَرَمِ، وَعذَابِ القَبْرِ، اللَّهُمَّ آتِ نَفْسِي تَقْوَاهَا، وَزَكِّهَا أَنْتَ خَيْرُ مَنْ زَكَّاهَا، أَنْتَ وَلِيُّهَا وَمَوْلاهَا، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لا يَنْفَعُ، وَمِنْ قَلْبٍ لا يَخْشَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لا تَشْبَعُ، وَمِنْ دَعْوَةٍ لا يُسْتَجَابُ لَهَا«. رَوَاهُمُسْلِمٌ.
Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әъуузу бикә минәл-ъажзи уал-кәсәли уал-жубни уал-һарами, уа ъәзәәбил-қабри. Аллааһуммә әәти нәфсии тақуаһаа, уа зәккиһәә уа әнтә хайру мән зәккәәһә, әнтә уалийуһә уа мәуләәһә. Аллааһуммә иннии әъуузу бикә мин ъилмин ләә йәнфәъ, уа мин қалбин ләә йахшаъ, уа мин нәфсин ләә тәшбәъ, уа мин дәъуәтин ләә йустәжәәбу ләһәә».
Мағынасы: «Уа, Алла! Шындығында мен Өзіңмен дәрменсіздіктен және жалқаулықтан, қорқақтықтан, кәріліктен, қабір азабынан сақтанамын. Уа, Алла! Нәпсіме тақуалық дарытып, оны тазала. Сен ең қайырлы тазалаушысың. Сен оның жанашырысың әрі Иесісің. Уа, Алла! Шындығында мен Өзіңмен пайда бермейтін білімнен, қорықпайтын жүректен, тоймайтын нәпсіден және жауап берілмейтін дұғадан сақтанамын» (Мүслім риуаяты).
»اللَّهُمَّ رَحْمَتَكَ أَرْجُو، فَلاَ تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ، وَأَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ«.
Оқылуы: «Аллааһуммә рахмәтәкә аржу фәләә тәкилнии илә нәфсии тарфатә ъайн, уа аслих лии шә’нии кулләһу, ләә иләәһә илләә әнтә».
Мағынасы: «Уа, Алла! Өзіңнің рахымыңды тілеймін, мені бір сәт те нәпсіме тастама, менің ісімнің барлығын оңғара гөр! Сенен басқа құдай жоқ».
»اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ قَلْبٍ لا يَخْشَعُ، وَمِنْ دُعَاءٍ لا يُسْمَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لا تَشْبَعُ، وَمِنْ عِلْمٍ لا يَنْفَعُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ هَؤُلاءِ الأَرْبَعِ«. رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَأَبُو دَاوُد.
Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әъуузу бикә мин қалбин ләә йахшаъ, уа мин дуъәә’ин ләә йусмәъ, уа мин нәфсин ләә тәшбәъ, уа мин ъилмин ләә йәнфәъ, әъуузу бикә мин һәуләә’ил-әрбаъ».
Мағынасы: «Уа, Алла! Мен Өзіңмен қорықпайтын жүректен, ешкім естімейтін дұғадан, тоймайтын нәпсіден, пайда бермейтін білімнен сақтанамын, Өзіңмен осы төртеуінен сақтанамын» (Термези, Әбу Дәуіт риуаят еткен).
»اللَّهُمَّإِنِّي أَسْأَلُكَ حَيَاةً طَيِّبَةً، وَنَفْسًا تَقِيَّةً، وَعِيشَةً نَقِيَّةً، وَمِيتَةً سَوِيَّةً، وَمَردًّا غَيْرَ مُخْزٍي وَلاَ فَاضِحٍ«.
Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әс’әлукә хәйәәтән таййбәтән, уа нәфсән тәқиййәтән, уа ъиишәтән нақийәтән, уа миитәтән сәуийәтән, уа мәраддән ғайра мухзин уа ләә фаадихин».
Мағынасы: «Уа, Алла! Мен Өзіңнен жақсы өмірді, тақуа нәпсіні, таза тіршілікті, тура өлімді, абыройсыз да, масқара да емес қайтуды сұраймын».
»اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْلَمْتُ نَفْسِي إِلَيْكَ، وَوَجَّهْتُ وَجْهِي إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِي إِلَيْكَ، وَأَلْجَأْتُ ظَهْرِي إِلَيْكَ، رَغْبَةً وَرَهْبَةً إِلَيْكَ، لاَ مَلْجَأَ وَلاَ مَنْجًا مِنْكَ إِلاَّ إِلَيْكَ، آمَنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِي أَنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ«.
Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әсләмту нәфсии иләйк, уа уажжәһту уажһии иләйк, уа фаууадту әмрии иләйк, уа әлжә’ту заһрии иләйк, рағбәтән уа раһбәтән иләйк, ләә мәлжә’ә уа ләә мәнжә минкә иллә иләйк, әәмәнту бикитәәбикәлләзии әнзәлтә, уа бинәбиййикәлләзи арсәлтә».
Мағынасы: «Уа, Алла! Өзіңе нәпсімді бой ұсындырдым, Өзіңе жүзімді бұрдым, Өзіңе ісімді тапсырдым, Өзіңе арқамды тосып, пана іздедім, Өзіңе құлшынған түрде, қорыққан түрде. Өзіңнен құтылу үшін Өзіңнен басқа пана да, құтылу жолы да жоқ. Өзің түсірген Кітабыңа, жіберген елшіңе иман келтірдім».
*****
Нәпсімен күресудің бір түрі білімдінің, тәжірибелі ізгі пенденің ізіне еріп, ақылын тыңдау, аталы сөзге, нақыл-насихатқа құлақ түру десек, бұл орайда дана Абайдың мынадай нақыл өлеңі бар.
Абайдың жастарға өсиет-тілегі
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып, шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл, тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибратлі,
Оны ойға жисаңыз.
*****
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек,
Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық –
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап, бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым – сол үшеуінің жолын білмек.
Шымкент орталық мешіті