«…Ал рақбаниетті (тәркі дүниелікті, монах болуды) олардың өздері тауып алды, оларға оны біз бұйырган жоқпыз…».(Хахид: 27)

Мұхаммед пайғамбар (с ә с):«Үйленуге мүмкіндігі бола түрып, үйленбегендер менің үмбетімнен емес»,Әбу-Нажихтан (ТБ.)

Аса қамқор Жаратқан Иеміз Қасиетті Құранда тіршіліктің бар саласын қамтып, әмір берген. Соның ішінде от басы тірлігіне, ерлі-зайыптылардың ара қатынасына көп көңіл бөледі.

«Сендердің оз табиғаттарыңа үйлестіріп (оз қастарыңнан) әйел жынысын жаратқаны да, араларыңы тіршілік ләззаты етіп сүйіспеншілік, мейірім бергені де Алланың аяттарында айтылған…»(Рум: 21)

Бүл аяттың астарына терең мән берген адам Алланың адамзатқа тарту еткен ең үлкен сыйының бірі — ер адам мен әйелдің заңды түрде қосып, шаңырақ көтеру екендігін айқын түсінеді.

Бабаларымыз ақ неке деп ардақтаған бұл игі қадам адам әміріндегі ұлы өзгеріс екенін кім жоққа шығарар? Сіз кеше жалғыз едіңіз, бүгін екеусіз, қасыңызда тағдырдың түрлі сынағын бірге көтеріп, ыстық-суықты, жақсылық-жамандықты бірге бөлісер жан-жарыңыз бар. Осы сезімнің өзі бойыңызға қуат беріп, жүрегіңізге жылу, жүзіңізге нұр сыйлайтыны ақиқат.

Біздің халық дәстүрі бойынша жаңа қосылған жас жұбайларға: «Босағаларың берік, шаңырақтарың биік болсын » — деген тілек айтылады, Яғни, қандай қиындыққа үшырасаңдар да дауылға төтеп берер емендей берік болыңдар, көпшілік үлгі тұтатындай биік дәрежеге жетіндер деген абзал ниеттің есті адамға артар жүгі қаншалықты ауыр десеңізші!

Әрине, әлі ыстық-суығы басылмаған ерлі-зайыптылардың бүл өсиеті мүлтіксіз орындайтындай сезімде болатыны да заңды. Бірақ…

Көптеген отандастырымыз шаңырақ көтерудің ең алғашқы шарты — Алланың алдында, яғни шариғат талаптарына сай неке қию екенін біле бермейді. Үкіметтің неке сарайында заңды түрде үйленгендерін білдіретін неке куәлігін алсақ болды деп санайды. Әрине, өзінің өмір сүріп отырған мемлекеттің азаматы болғандықтан, сол үкіметтің заңдарын мүлтіксіз орындаған абзал, әйтсе де алдымен Алланың алдында ақ болған дұрыс екенін ешқашан естен шығармағаныңыз жөн шығар. Сонда сіз түрлі абыройсыз-дықтан сақтана аласыз, өйткені Өзіне жалбарынып, сенім артқан пендесін Алла тағала назарынан тыс қалдырмайды.

Сондықтан жан тазалығын, ар тазалығын сақтағысы келген адам, әрине шариғат бойынша неке қиюдың қадір-қасиетін жақсы түсінеді. Мұндай иманды жандар неке қиюдың бес шарты барын, бұлар орындалмай неке қиылмайтынын білгендері лазым:

  1. Қалыңдық пен күйеу жігіттің кәлимаға тілін келтіруі;
  2. Олардың бір-біріне жар болуға ризалық білдіруі;
  3. Махр — ер адамның қалыңдығына жасайтын сыйлығы;
  4. Куәлер — екі ер адам, екі ер адам табылмаса бір ер адам және екі әйел;

Яғни, олар ең алдымен Алланың жалғыз, Мұхаммедтің (с ә с) Тәңіріміздің елшісі екеніне куәлік беретіндерін есте ұстағандары жөн. Қазақтар мұны «кәлимаға тілін келтіру» дейді. Яғни, «Лә иләһә иллал-лоһу Мухаммадур расулул-лоһ» (Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі) — деген соң бір-бірімен отау тігуге келісетіндерін айтады. Алла тағала Қасиетті Құранда: «…Өздеріңе әйелдерден…алсаңдар…» десе,(Ниса: 3)

Пайғамбарымыз (с.ә.с):«Сіздердің біреулеріңіз әйелге ұсыныс жасаган кезде, одан өзіне ынтықтырып, үйленуге әсер ететін нәрсе (көрік-келбет, мінез-құлық, қылық) байқаса, онда үйленсін » — деген.Жәбирден (Ә-Д.)

Ал Мұғира ибн Жүбах өзіне Пайғамбарымыздың (с.ә.с) айтқан ақыл-кеңесін былай жеткізген екен:

«Мен бір әйелге ұсыныс жасап, сосын Пайгамбарға айтқан едім. Ол: Сен оны көрдің бе?» — деп сұрады. Мен «Жоқ» дедім. Сонда Пайгамбар: «Онда бар да оны көр, өйткені бұл сіздердің махаббатырыңызға әлдеқайда жақсы әсер етеді», деді.Мүғира ибн Жұбахтан (Т.Н.И-М.А.Д.)

Ендеше Алла Тағала да, Пайғамбарымыз (с.ө.с) да ерлі-зайыптылардың бірін-бірі ұнатып, сүйіспеншілік сезіммен қолдайы екен.

«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» — деп Абай атамыз айтқандай, ақыл-парасатқа жылу беретін қасиетті сезім — махаббат екенін де әркім-ақ мойындар. Сонау, қараңғылық қойнауында мүлгіген жетінші ғасырдың басында-ақ Пайғамбарымыз (с.ә.с) әйел адамды өз ықтиярынан тыс күйеуге беруге қарсылық білдірген. Ол жетім-жесіргеде ара түскен.

Осыған орай екі-үш хадисті мысалға келтіре кетейік:«Өзімен ақылдаспай жесір әйел де, оның келісімінсіз бойжеткен қыз да күйеуге берілмейді…».Әбу-һурайрадан (Б.М.Ә-Д.Т.Н.)

«Жетім қалған қыздан оның рұқсатын (тұрмысқа шыгуы жөнінде) сұрау керек, егер ол үндемесе, онда келіскені, егер бас тартса, оған қарсы шығатын заң жоқ «.

Әбу-һурайрадан (Т.Ә-Д.Н.) Әбу-Мүса (Д.) «Бір бойжеткен Пайғамбарга (с.ә.с) әкесі езінің қалауынсыз күйеуге бергенін айтып еді, Пайғамбар (с.ә.с) оған таңдау еркін берді (келісу немесе келіспеу) «.                                Ибн Ғаббастан (Ә-Д.)

Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ә.с) өсиет-өнегесін жетекшілікке алатын шариғат заңы бойынша екі жақтың ырзалығын естімей, неке қиюға болмайды. Бұл — өзіне ұнаса болды, қыздың жүрек соғысымен санаспай, алып қашуды мақсат тұтатын өзімшіл, менмен, дүлей күш иелеріне ой сала ма деп үміттенеміз…

Неке қиюдың тағы бір шарты — күйеу жігіт қалындығына белгілі бір мөлшерде, болашақ жарының ризалығына ие болатындай сыйлық жасауы. Бұрын араб елдерінде қалыңдыққа кем дегенде он динардың көлемінде махр берілетін. Бұл үлкен қомақты қаржы еді. Қазір махрдың нақты мөлшері жоқ, бірақ қалыңдық азырқанса, неке қиюшы дін өкілі күйеу жігітке болашақ зайыбының көңілінің шығатындай дәрежеде сый жасауы керектігін ескертеді.

Махр дегеніміз не? Оның мән-маңызын түсіну үшін тағы да Қасиетті Құранға жүгінейік:

«…абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (махр беріп алуларың) халал (қабыл) қылынды…».(Ниса: 24)

«Әйелдердің махрын ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше сендерге бір нәрсе махрден кеңшілік етсе, онда оны жеңдер, сіңімді, жүрімді болсын».

(Ниса: 4.) Яғни, махрдың берілуін Алла тағала Өзі міндет қылып жүктеген. Махр — әйелдің жеке меншік мүлкі болып саналады. Тіпті, кейіннен екеуі ажырасып кетсе де күйеуінің махрды қайтып алуға хақысы жоқ. Махр — әлсіз, нәзік әйелдің жалғыз, қорғансыз қалған жағдайда (жесір қалса немесе ажырасып кетсе) материалдық мұқтаждық көрмеуіне жасалатын қамқорлық. Бірақ күйеуі қиындыққа ұшырағанда, әйел оған қаржылай көмектесем десе, оның ізгі ниетін Алла тағала да, Пайғамбарымызда (с.ә.с) қолдайды. Мысалы ретінде тағы бір хадис келтірейік:

«Кол ұстасыңыздар, сонда сіздерге арам ниет жоламайтын болады; бір-бірлеріңізге сыйлық жасаңыздар, сонда араларыңызда терең өшпенділік болса да ол түтін тәрізді гайып болып, махаббат тамыр жаяды «.Ата әл-Хорсанңцен (М.)

Реті келгенде, куәлардың қызметі жөнінде де айта кеткен жөн шығар. Келісілген адамдармен қоса, ақ некенің қиылғанына періштелер де куәлік етеді. Бірақ олар көрінбейді. Ал, адам өміріңде не болмайды, жала да жабылады (екеуі зина жасады, некесі жоқ деп, т.б.), тіпті ерлі-зайыпты екеуі ажырасса, некеде болғанынан бас тартатын адамдар да кездесуі мүмкін.

Сонда: «Біз куә болғанбыз, екеуінің ақ некесі қиылган еді» — деп, куөлар адапын айтады. Аққа Қудай жақ «— демей ме халық даналығы…

Адамдар да, періштелер де бү дүние ғана емес, о дүниеде де ерлі-зайыптылардың некесі қиылғанына Алланың алдында куәлік береді. Ал, егер некеден кейін арақ ішіп, басқадай да арам істерге барса, ол шаңырақтың тіршілігіне шайтан араласады. Ақ некенің қадірі қаша бастайды, яғни отбасының береке бірлігіне, ынтымағына нұқсан келеді.

Мейірімді де рақымды Жаратқан Иеміз Қасиетті Құранда:

«Тегінде, Алла өзіне басқаны теңеуді кешірмейді. Одан басқа күнәсі болса, ықыласын ауған адамын кешіреді. Кімде-кім Тәңірге теңдес табады екен, ол ақиқатында барып түрған азғьш саналады», — дейді.(Ниса: 113.)

Яғни, Алладан басқаға — мәселен, пайғамбарларға, әруаққа, әулиеге, айға, күнге, отқа т.б. сиыну, табыну — бұл Алла кешірмейтін зор күнә. Өкінішке орай, біздің халықта «Әруақ-Құдай жар болсын, Ата-баба әруағы қолдасын» — деп, саналы-санасыз түрде Аллаға серік қосатын, яғни құдіретті Құдайдан басқаға да сиынып-табынушылық кездеседі. Сөйтіп, отандастарымыз орасан зор күнәға жол беріп, Алланың нарызылығына ұшырайтындарын білмейді.

«Барлық мадақ — бала иемденбеген, мүлкіне ешкімнің орталығы жоқ, сондай-ақ әлсіз көмекшінің ешқайсысына мұқтаж емес Аллаға лайық де. Және Оны барынша ұлық тұт».(Исра: 111.)

«…Көп құдайшыларға қосылып кетпе. Алла тұрғанда оған тағы бірдеңені теңестіріп, Құдай тұтып жүрме. Алладан басқа құдірет жоқ. Бір Алладан басқаның бәрі жоғалады. Үкім шыгару соған ғана лайық. Бәрің Алланың алдына барасыңдар».(Қасас: 87-88.)

Сондай-ақ, өзін мұсылманбыз деп санайтын кейбір замандастарымызға «Мұсылман екенініңізді немен дәлелдейсіз?» — десеңіз, жауап бере алмайтынына да жиі куә болып жүрміз. Өйткені олар: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның Елшісі» деген соң барып мұсылман болатындарынан да хабарсыз. Ал, неке қиылар алдында куәлік кәлимасын айту жас жұбайларды осындай бақытсыздықтан сақтайды. Оның мәнін жан-жүрегімен түсінетін адам Алладан басқа ешкімге жалынып-жалбарынбайды. Сөйтіп, Жаратқан Иемізге басқа біреуді теңестіру тәрізді ауыр күнә жасаудан арылады. Міне, осылайша бір ғана Алланы Тәңір, қорғаныш, жолбасшы, жетекші тұтқан жандар көп адаспасы хақ.

Егер ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә.с):

«Лә иләһә иллал-лоһу Мүхаммадур расулул-лоһ» — деген сөз жәннаттың кілті десе, осыған орай Пайғамбарымыздың (с.ә.с) сахабаларының бірі Уахаб ибн Манбах рубаят еткен мынадай хадис бар:

«Лә илоһә иллал-лоһ» — деген сөз жәннәттің кілті емес пе? Иә. Бірақ та кілт болғанмен, оның тістері бар емес пе? Егер сен тісі бар кілтпен келсең, есік ашылады, егер тісі болмаса, есік ашылмайды». Уахаб ибн Манбахтан (Б.)

Бүл хадистің мәнісін, әрине, ойлы адам бірден түсінеді.

Кілттің тістері — шариғаттың басқа да шарттарын орындау. Пайғамбарымыз (с.ә.с) және былай деп те айтқан: «Кімде-кім бір нәрсені Аллаға серік келтірумен көз жұмса,тозаққа кіреді. Аллаға серік келтірмей қайтыс болса,жәннатқа кіреді».Жәбирден (М.)

Отбасының берекелі де зиялы, босағасы берік, шаңырағы биік болуына ақ некенің тигізер әсері аз емес. Мәселен, хұтпа оқушы адамның (яғни, неке қиюшының) жоғарғы білімді, ой өрісі кең дін ғалымы болғаны дұрыс. Өйткені ол жас жұбайларға хұтпа Құран мен хадистерден мысал келтіре отырып, діни уағыз айтқан кезде мұсылман отбасы білуге және сақтауға, сақтануға тиісті халал (адал) мен харамның айырмашылығын, ерлі-зайыптының әрқайсысының жұбайлық міндеттерін талдап түсіндіреді, шариғаттың басқа да заңдылықтарынан қажетт імағлұмат береді. Мысалы, көптеген отандастарымыз төсек ләзаттынан кейін жан мен тән тазалығы үшін ғұсыл (бой дәрет) құйыну керекгігінен мүлдем хабармыз. Ал, ғұсыл құйыну мұсылман орындауға тиісті парыздардың бірі. Ендеше бұл жөнінде де білгеніңіз жөн.

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38