Суһайб ибн Синан (р.ә.) айтқан бір әңгіме бойынша, Алланың елшісі (с.ә.с.) мумин адам турасында: «Мұсылман адамның ісі қызығарлық! Оның барлық істері өзіне жақсылық әкеледі. Бұл нәрсе тек мұсылманға ғана тән. Егер ол қуанышты жайға тап болып, оған шүкірлік етсе, сол шүкірлік етуі өзіне жақсылық әкеледі. Егер оған қайғы-қатер туып, оған сабыр етсе, сол сабыр етуі де өзіне қайырлы болады», – деген. (Муслим)
Әбу Саид пен Әбу Һурайраның (р.ә) айтуынша Алланың елшісі: «Мұсылманның басына түскен ауыртпалықтан, ауру мен қайғыдан, қиналу мен күйзелуден, тіпті денесіне қадалған тікенек зардабынан соң Алла Тағала оның қателерін кешіреді»,-деген.
Мұсылманның басына түскен қиын-шылықтар оған деген Алла Тағаланың рахымы, сол арқылы оның күнәлары кешіріледі.
Шымкент қаласы орталық мешіті