Көне Шымкент қаласының орнына салынған этноауыл тарихи кешені биыл 1 сәуірде ашылған болатын. Жаңа кешеннің қазіргі жұмысымен танысу үшін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация арнайы барды.
Жаңа орталықтың директоры Саттар Фазылұлы музейді аралатып, көне жәдігерлерді көрсетті. Оның айтуынша Шымкент қаласының тарихы 2200 жылды құрайды. Дәл осы орында қаншама жыл бұрын бекініс, ескі қала болған екен.
Қазіргі уақытта тарихи кешенді жаңғырту мақсатында көне жәдігерлерді көптеп жинап, бұрынғы қалпын сақтауға жұмыс жүргізілмек.