Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ға қарасты «Halyq arna» телаарнасының бөлімшесі мен қалалық мешіттің жеке «Iman.kz» студиясы ашылды.
Салтанатты шараға қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы студияны аралап, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа кешенді жасақтауда белсенділік танытқан Азамат Әбдікерімұлы барлығын таныстырып, жұмыс жоспары туралы Бас мүфтиге баян етті. Жалпы алғанда студия екі бөлмеде жабдықталған. Бірінші болмеде төрт арнайы түсірім жасалады. Атап айтқанда, «Дін мен дәстүр», Рухани тәрбие – ихсан ілімі», «Баспасөз орталығы мен брифингтер» және «Арнайы хабар» түсірілім алаңы болып ерекшеленеді. Ал екінші бөмеде түлі съемкалар сұрыпталып, монтаж жасалған соң эфирге әзірленеді.
Жаңа студияның лентасы қиылып, тұсауы кесілген соң Бас мүфти арнайы сұхбат берді. Ең бастысы бұл орталықта тікелей онлайн эфирде уағыз айтуға, қысқа минуттық роликтер, салиқалы сұхбаттар мен арнайы сюжеттер дайындауға мүмкіндік молынан. Сұхбат соңынан Бас мүфти пайдалануға берілген кешеннің мүмкіндігіне сай толыққанды сюжеттер мен уағыздарды Халық арна телеарнасына дайындау туралы тапсырма берді.