Шымкент «Әйел-қыздар «секторының ұйымдастыруымен қала бойынша Имам Науауидің 40 хадис жинағынан 40 хадистерде жатқа айту сайысы өтті.
Сайыс үш кезеңнен өтті.
1. Кітап бойынша тест сұрақтарына жауап жазу
2. Хадистерде қазақша мәтінін жатқа айту
3. Хадистің аясында 10 минут уағыз айту
Үш кезеңнен де алға шығып үздік болған, барлық кітап жарыстарының жүлдегері Түлкібас ауданы тұрғыны Сейітхан Әсел 1-орынға ие болды. 2- ші орын жүлдегері Сайрам тұрғын алабы Ибрагим ата мешітінің шәкірті Исраилова Севара, және 3- орынға Айқап мешітінің шәкірті Абдусаитова Майра қыздарымыз ие болды. Ерекше көзге түскен, жасы жетпіске жетсе де хадистерді мүдірмей жаттаған апамыз Будыкова Зинеш апаға тәнті болдық. Сонымен қатар белсенділік танытқан Рысбаева Сәнді апа, Байымбетов Злиха апа және Манаш Айдана қызымыз да ерекше көзге ілінді.
Жүлдегерлері сыйлықпен қамтамасыз еткен Қаттани мешітінің әжелер алқасына Алланың нұры жазасын, отбасына береке берсін!
Әділ-қазы алқасын да сыйлықпен марапаттаған Ақжайық мешітіне алғысымызды білдіреміз.