С: Рамазан оразасынан басқа ораза түрі бар ма?
Ж: Рамазан айының оразасы – парыз. Одан басқа оразалар ерікті оразаға жатады. Егер тұтса Алла Тағаладан мол сауап алады.
С: Ерікті оразаны тұтуға болмайтын күндер бар ма?
Ж: Жылдың бес күнінде ораза тұтуға тыйым салынған. Олар төмендегідей:
1. Ораза айты күні.
2. Құрбан айт күні.
3. Тәшриқ күндер (Құрбан айтынан кейінгі үш күн). Барлығы бес күн.
С: Ерікті оразалардың бір-бірінен артықшылықтары бар ма?
Ж: Иә, кейбір күндерде ерікті ораза тұтудың артықшылықтары туралы айтылған хадистер бар. Айша (р.а.) риуаят еткен хадисте Расулаллаһ (с.а.с.) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза тұтатын болған. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Дүйсенбі, бейсенбі күндері амалдар жоғары шағырылады (яғни, Алла Тағала дәргейіне ұсынылады). Мен амалымның көрсетілген қалап, ораза тұтамын».Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген басқа хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әр айдың он үші, он төрті және он бесі күндері үйінде болсын, сапарда болсын ораза тұтқаны айтылған. Әбу Қатада (р.а.) жеткізгендей Расулаллаһ (с.а.с.) былай деген: «Арафа күнінің оразасы үшін (яғни, осы оразаны тұтқан мұсылмандар үшін) Алла Тағаладан Арафадан алдыңғы және кейінгі жылдардың күнә-қателіктерінің кешірілуін сұраймын. Ашура күні тұтылған ораза үшін осы күннен алдыңғы жылдың күнә-қателіктерін кешіруін тілеймін». Әбу Аййуб әл-Ансари (р.а.)Расулалланың (с.а.с.): «Кімде-кім Рамазан оразасын тұтқан соң одан кейінгі шәууал айынан алты күн ораза тұтса, ол өмір-бақи ораза тұтқандай болады»,– деген хадисін жеткізген.