С: Рамазан айының қазасын үздіксіз түрде тұту керек пе?
Ж: Үздіксіз тұту шарт емес. Қаласа бөліп, қаласа үздіксіз жалғастырып тұтады.
С: Келесі рамазан айы келгенше кешіктірсе не істейді?
Ж: Бірінші келіп тұрған рамазан оразасын тұтады. Бұл рамазаннан соң алдыңғы рамазанның оразасының қазасын тұтады. Кешіктіргені үшін айып төлемейді.
С: Рамазан айының қазасын өтей алмай ажалы таяп, өлер шағында артындағыларға қалған малынан фидия беруді өсиет етсе, артында қалғандардан не істеуі керек?
Ж: Бұл өсиет марқұмның мал-мүлкінің үштен бірінен жұмсалады. Рамазан айының оразасы үшін марқұмның мұрагері әрбір күнге бір міскінді жарты сағ (1,625кг) болатын бидай не бір сағ (3,25кг) болатын арпа не құрмамен тамақтандыруы керек.