Шымкент қаласы, Қаратау ауданының «Ақжайық» мешіті жанынан ашылған, қыз – келіншектерге арналған ДСАК Ораза айтта, жамағат арасында жүргізілген «Жүрегі мешітке байланған жақсыларым» атты марафон өз мәресіне жетті. Рамазан айының соңғы 10 күндегі марафон есебі бойынша,
490.200 калима таухид
464.586 салауат
564.393 истғфар
133.204 фатиха
106 .396 ықылас оқылды.
Марафонға тек мешіт жамағатының туракты 25 шәкірті қатысып, 3 шәкірт суырылып, санақтарының санымен алға шықты.
Дін жанашырларының демеушілігімен 1 орын иегері болған Мейірхан қызы Дамира, Мейірхан қызы Аяулым, Мейірхан қызы Ұлай тоңазытқышқа ие болды.
2 орынға тағайындалған автоматты кір жуу машинасына Аймахан Мәриям ие болса , 3 орынға сенсорлы теледидарға Сарыбай Диана мен Сарыбай Жанна иеленді. Басқа қатысушыларының жомарт жандардың демеуімен әрқайсысы электршәйнегіне ие болды.
Ұйымдастырған Алмира ұстазға және Майра ұстазға Алла қызметтеріңізді қабыл етсін дегіміз келеді .
Алдагы уақытта мешіттегі қыз- келіншектер жамағатына Алла Тағала пайдалы ілім нәсіп етіп, зейіндері ашылсын.
Жомарт жандарға Алла Тағала еселеп сауаптан жазсын.