ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Anlamas ata» мешітінің ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айынша бір ай бойы «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары өткізілді.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Anlamas ata» мешітінің бас имамы Исламқұл қажы Иманқұлұлының тікелей ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бүгінге дейін ораза тұтқан азаматтарға ауызашар себеті таратылып келеді. Түйіндеп айтқанда, 4500 адамға ауызашар себеті үлестірлді.
Сондай-ақ, айт мерекесі қарсаңында 25 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Жалпы таратылған сомма көлемі 1 000 000 тенге болды.
Осы шараға қаржылай қолдау көрсет азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі