Бүгін, Шымкент қаласы орталық мешітінде қалалық «Халал Даму» ЖШС ұйытқы болуымен «Халал тағым: адал мен күмән арасы» атты шара ұйымдастырылды.

Игі  шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы және қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев қатысып, кәсіпкерлердің жұмысына сәттілік һәм табыс тіледі.

Аталмыш шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты 6 кәсіпкерге ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сертификаты табыс  етті.  Атап айтқанда, Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы сауда белгісі «Chak-Chak» дәмханасы мен «Taza_Brand» пелмен, «Нарлен» жұмыртқы цехы ие болса,   Шымкент қаласынан сауда белгісі «Ali Doner Kebab» фаст-фуд өндірісі, «Құрма» және  «Мейман» халал дәмханасы ие болды.

Мұнымен қатар, басқосуға тәжірибе алмасу мақсатында бұрын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған, бүгінде жемісті еңбек еетіп, табыс тауып жүрген «Жасур» ЖШС және «Нұр-Дәулет» ЖШС шұжық өндірісінің басшылығы қатысты. 

Сондай-ақ, қалалық «Халал Даму» ЖШС бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сұлтанбекұлы арнайы халал өндірінің маңыздылығы мен түрлі қоспалар туралы дәріс оқыды. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38