Жуырда Шымкент қаласы «Шәмші Қалдаяқов» атындағы Түркістан облыстық филармониясында «Қош келдің, Рамазан!» атты танымдық рухани іс-шара ұйымдастырылды.  

Танымдық рухани іс-шараға Әл-Фараби ауданы «Айқап» мешітінің имамы Анафияев Әлімжан Бекболұлы арнайы қатысып, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері жөнінде уағыз айтып,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы  құтықтау сәлемін жеткізді.

Рухани кеш барысында  өнерпаздарымыз қасиетті келуіне орай «Жарамазан» айтып,  күй шертіп,  термеге кезек беріліп, қатысушыларға рухани көңіл күй сыйлады.

Айта кетсек, рухани шараға қатысушыларға  «Намаз оқып үйренейік» кітапшасы мен «Ораза тұту кестесі» тегін үлестірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38