ҚМДБ-ға қарасты   «Сарыағаш медресе» колледжінің  бітіруші шәкірттермен  Рухани тәрбие –  Ихсан ілімі тақырыбы аясында және мешіттерге қызметке тарту бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, «Сарыағаш медресе» колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, т.б. ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Басқосу аясында  Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған рухани тәрбие –  Ихсан ілімі тақырыбы аясында кеңінен түсіндіріп берді.      Сондай-ақ, медресе кітапханасына «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі»  және «Рамазан энциклопеиясы» кітаптары табыс етілді.

Осыдан кейін, қалалық  «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев шәкірттерге халал өнімдері туралы кеңінен түсіндірді.

          Шәкірттер басқосу аясында көп мәлімет алып,   сұрақтарға жауап  берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38