ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Рамазан айында «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы онкүндігінде жасалған қайырымдылық шараларының қорытындысы бойынша жалпы 17100  отбасыға азық-түлік қоржыны мен ауызашар себеті үлестірілді.

Игі шараға Шымкент орталық мешітімен бірге  Шымкент қаласы  әкімдігі, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік палата өкілдері, базарлар мен ірі дүкен иелері, жекелеген азаматтардың қаржылай қолдауы болса, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Жастар ісі» секторының өкілдері ерікті түрде қызмет етіп келеді.

Сондай-ақ, елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, ауызашар  себетін ораза тұтқан азаматтардың үйлеріне жеткізіп беру бойынша «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Қождан ата», «Торлан», «Байғұт баба», «Бойыт ата», «Сейіткәрім қажы», «Аңламас ата», «Шәкірбай қажы», «Шейх Мұхамед Садық», «Ар-Рақиб», «Әл-Біләл», «Тәжібай ата», «Елтай» мешіттерінде тұрақты 100-250 кісіге дейін күн сайын ұйымдастырылуда.

Аталмыш шаралар туралы жергілікті  «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен  «Шалхар», «Оңтүстік»  радиолары мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері ақпарат таратты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38