Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті жанындағы «Әжелер» мектебінің мүшелері Рухани тәрбие – Ихсан ілімі жөнінде кездесу ұйымдастырды.

Рухани шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары – Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров,  Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек пен қалалық «Әжелер мектебі» және «Әйел-қыздар» секторының мүшелері  қатысты.

Шара  барысында Шымкент қаласының бас имам орынбасары – Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров арнайы сөз алып, Ихсан ілімі  бағытының жұмысы жөнінде кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ, «Әжелер мектебінің» жектекшісі Қалдыгүл Жұмабекқызы бастаған апаларымыз «Намаз үйренейік» кітабының жарыққа шығуына мұрындық болды. Кітап намаз үйренуге ниет еткен азаматтарға тегін үлестірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38