Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторы
Айқап мешітінің нәзік жанды жамағаты арасында «ЕҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕР АЛЛАҒА ТӘН» атты Алланың көркем есімдерін жатқа айту сайысын өткізді. Сайыс төрт деңгейден өтті. Бірінші деңгейде Алланың 99 есімін ретпен жаңылмай айту, екінші деңгейде қазақша мағынасын аралас сұрау, үшінші деңгейде арапшасын шатастырып сұрау, соңғы деңгейде кез келген жерден сұрағанда жалғастыру.
Бұл сайысқа үлкенді кішілі жастар белсене атсалысты.
Нәтижеде
1. орын Манхараева Халима апа
2. орын Нағашыбек Тоқжан
3. орынды Керінбек Сая
иеленді.
Сайысты ұйымдастырған Айқап мешіті ұстаздарына және әділ бағасын берген әділ-қазыларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38