Адам баласының бір-біріне қарайласуының арқасында араларында мейірімділік пен мейірбандық сезімдері оянып, қоғамның ынтымақ-бірлігінің нығаюына түрткі болады. Сондай-ақ жақсылық жасаушының осы арқылы Алланың жарылқауына бөленетіні Құран Кәрімде былай баяндалған:
«Қолындағысын Алла жолында күндіз-түні жұмсағандар, жұрт көзінше де, көрсетпей де бергендер Алланың жарылқауына ие болады, ондайларға қорқыныш та, қасірет те жоқ» (Бақара сүресі, 2/274 – аят)
Жақсылық жасап Алланың жарылқауына бөленгісі келген жандар Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «ар-Рақиб» мешітінің имамы Болатов Айдостың мұрындық болуымен аз қамтылған әрі жартылай жетім 10 отбасыға көмек қолын созды. Осылайша жабырқау жандарға азық-түліктей жәрдем беріп, алғысын алды. Жәрдем алған отбасылар демеушілерге рахметін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі