Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы әл-Муслим мешітінің Әйел-қыздар бөлімінде «Ұлыс оң болсын! « атты наурыз айына арналған кеш өтті. Кеште ақ жаулықты әжелер жас және орта буынға баланы бесікке бөлеу рәсімін, наурыз көже дайындау ретін, наурыздың тойлану мақсатын көрсетіп үйретті. Мешіттің жас шәкірттері Алланың көркем есімдерімен иләһи ән айтып, Наурыз жайлы өлең жолдарын оқып әжелердің батасын алды.
Кешті ұйымдастырған әл-Муслим мешітінің ұстазы Мырзалиева Жанар ұстазға алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі
[su_custom_gallery source=»media: 21251,21252,21253,21254,21255,21256,21258,21259,21260,21261″ width=»1240″ height=»570″]