ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша бас имамы Б.Абдрахмановтың «Әр аптаға бір шара» атты жұмыс жоспары аясында 20 наурыз күні Еңбекші ауданына қарасты «Имам Ағзам» мешітінің ұйымдастырумен «Отанды қорғау – Асыл міндет!» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараға Еңбекші аудандық орталық «әл-Біләл» мешітінің іс басқарушысы Н.Айдаров, «Имам Ағзам» мешітінің наиб имамы Елбосын Айтмұхан, Шымкент қаласының әскери техникалық мектебінің әскери-патриоттық тәрбие орталығының қызметкерлері А.Тілеулиев, Т.Амреев пен аталмыш мектептің дайындықтағы 90 ға жуық оқушылары қатысты. «Имам Ағзам» мешітінің наиб имамы Е.Айтмұхан отан қорғаудың маңыздылығы, елдің бейбітшілігі мен тыныштығы туралы әрі «Ихсан» ілімінің адам өміріндегі орнына тоқталып өтті. Іс-шарада сөз алған полковник А.Тілеулиев ынтымақ-бірлік, отанды сүю, рухани тәрбиенің мәніне тоқталды. Жиын соңында қонақтарға арнайы дастархан жайылып, отан қорғау жолында шейіт болған ата-балалардың рухына Құран бағышталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
[su_custom_gallery source=»media: 21213,21214,21215,21216,21217,21218″ width=»1240″ height=»570″]