С: Саудадағы тауарлардан берілетін зекеттің үкімі қандай?
Ж: Құны алтын мен күмістен зекет беретін мөлшердің құнына жеткен тауардан зекет беру парыз. Алтын мен күмістің қайсысына сәйкес келсе соның біреуімен есептейді. Кедейлерге пайдалы жағы қарастырылады. Бұл Әбу Ханифаның пікірі. Ал, Әбу Юсуф алтынмен сатып алынған болса алтынмен, күміспен сатып алған болса күміспен есептейді, екеуімен де сатып алған болса көп қолданатынымен есептейді деген. Ал, Мұхаммедтің пікірінше сол елдегі валютамен есептеледі.