Бүгін, Шымкент қаласы «Жастар Ресурстық орталығы» ғимаратында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында «Ас беру мәдениеті» атты аймақтық имамдар форумын өткізді.
Форум жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, найб имам- ЖАНТ тобының маманы Мұсабек Ақтамберді, найб имам – «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Әйел қыздар» секторының мүшелері және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттің имамдары қатысты.
Айтулы шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов жүргізіп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Және форумда қабылданған құжаттардың маңыздылығына айрықша тоқталды. Форум барысында найб имам Қазыбек Сарыбаев «Ас беру мәдениеті» құжаты төңірегінде жан-жақты мәселелерді қамтыған баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, форум аясында ұсыныс-пікірлер, ізгі тілектер айтылды. Және форум қатысушыларының үндеуі қабылданды.
Сондай-ақ, форум қорытындысы бойынша Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы аталмыш құжаттар жұртшылық арасында кеңінен насихаттау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Игі шараны жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Отырар» т.б. телеарналары мен баспасөз орталықтарыың тілшілері қатысып, ақпарат таратты.
ҚМДБ-ның Шымкент қалалық мешіттің баспасөз қызметі