Қазығұрт аудандық орталық мешіттің ұйытқы болуымен, Қақпақ ауылы әкімдігі және Қақпақ орталық мешіттері бірлесе отырып 3 мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтарға, 4 әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қамқорлық жасалынды. 2 азаматқа орталық мешіті, 8 азаматқа демеушілер (3 кәсіпкер, 3 ұстаз, 2 ұжым қызметкерлері) есебінен көмек берілді. Аудандық орталық мешіті 2 отбасыға азық түліктей көмек берілді. Қызылқия ауылы «Қызылқия» мешітінде «Мәуліт» дастарханы жайылып, 200 ден астам ауыл тұрғындарына ас мәзірі берілді. Мереке басында ауылы имамы Шатаев Сәкенғали «Қазақстан тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен», «Қасиетті мәуліт айымен» құттықтап, тақырып аясында кеңінен сұхбат жасап, мәуліт хұтпасын оқып, өткендерімізді еске алып құран бағыштап, Еліміздегі ынтымағымызбен бірлігіміз бұданда нығая берсін деп бата жасады. Аудан аумағында мерекелік іс шаралар жалғасын табуда.

Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38