Жыл соңында Қасиетті Құран бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласындағы аудандық орталық “Нұғман” мешітінде ауданда орналасқан ҚМДБ РИДБ-не қарасты мешіт жамағаттары мен жасөспірім шəкірттер арасында сайыс өтті. Сайыс екі бөліктен яғни, жарты пара жаттаған шəкірттер мен бір пара жаттаған ДСАК шəкірттерден тұрды. Жарыс аудандық ішкі саясат бөлімінің жəне орталық “Нұғман” мешітінің қолдауымен өткізілді. Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай басталған бұл шараға ауданымыздың басшысы, Мақтарал ауданы əкімі Ғалым Ыбырайұлы ағамыз жəне ішкі саясат бөлімі басшысы Пердеш Есенбеков қатысып, шəкірттердің Құран іліміне деген қызығушылығын байқады. Жарысқа ауданымыздың бас имамы Сыздықов Бекзат, Қанайұлы Көбей мешітінің имамы Хадыршаев Абдулхафиз жəне Имам Бухари мешітінің имамы Аймухамедов Мансұр төрешілік етті. Қасиетті Құран жарысы соңында жүлдегерлерді марапаттау рəсімі алдында Сыздықов Бекзат бұл жарыстың жүлделі орынға ие болу үшін емес, керісінше Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру үшін, жаттаған Құран аяттарына амал ете білу үшін үйренуді алдыңғы мақсатқа қою, баса назарда ұстау керектігін қатысушы шəкірттер мен көрермендерге түсіндіріп кетті. Жарыста жарты пара, бір пара бойынша қаржылай ынталандыру сыйлықтары жəнеде 1,2,3 орын иеленген шəкірттерге арнайы заттай сыйлықтар табысталды. Бұл игі істер болашақта өз жалғасын табады деген сенімдеміз.


МАҚТАРАЛ АУДАНДЫҚ “НҰҒМАН” МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38