2016 жылғы 24 қараша күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара қаласындағы оқушылар үйінде облыстық ақпарат топ мүшесі М. Халықов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Әлібеков, аудан имам А. Данияровтың қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданындағы АТТ мүшелері, имамдар және мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарлары мен педагог ұйымдастырушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы, дінтанушы М. Халықов отбасында бала тәрбиесіне жіті қадағалау керектігін және сәләфи бағыттағы адамдардың сыртқы бейнесінен, іс – әрекетінен, киген киімінен, оқыған намазындағы ерекшеліктері бойынша түсінік беріп, кереғар діни ағымдардан сақтану жолдарын түсіндірді. Кездесу барысында АТТ мүшелері, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі