Шымкент қаласы облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында аудан, қала имамдарының 2016 жылғы атқарған іс-шараларының қорытынды есебі тыңдалды.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Биылғы жылы жылдық есеп бейне ролик түрінде қабылданды.
Есеп беру кезінде бірқатар аудандарға «жақсы» деген баға берілсе кейбіріне «Қанағат» деген баға берілді.
Есеп беру кезінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы мына мәселелер бойынша нақты тапсырма беріді. ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт құжат бойынша жұмыс атқару, кереғар ағымдармен жеке кездесулердің сапасы, республикалық ақпараттық насихат (РАНТ) тобының және жергілікті ақпараттық насихат (ЖАНТ) тобының жұмысын жан-жақты дамыту, кездесу санын арттыру, мешіт жанындағы діни сауат ашу курстары мен Жастар ісі, Зекет, халал бөлімдерінің жұмыстарын дамыту туралы тапсыра берді.
Жалпы, қала, аудан имамдарының жылдық есеп беру мәжілісі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38