Алла тағала адам баласын ең көркем бейнеде жаратқан. Алланың жаратуында бір кемшілік жоқ. Оның бізге көрініп, көрінбейтін ішкі құрылысымызбен сыртқы келбетімізде еш кемшілік жоқ. Алланың нығметтерін санасаң оның санына жете алмайсыңдар деген. Жаратылысымыздың өзі шеберлікпен екенін білуіміз керек. Сондықтан Алла тағала қасиетті Құран кәрімде 194 жерде жүрек туралы баяндайды. Онда Алла тағала «жүрек» ұғымын білдіретін үш сөзді берген. Олар: қалбун, фуад, садыр-деп келтіреді. Бұл сөздер көпше және жекеше, есім сөз, туынды сөздермен келгендігін көруімізге болады. Жүректің араб тілінде айтылуы «қалбун» деп келеді. Ал, Пайғамбарымыз саллоллоһу алайһи уас салам Аллаға әр уақытта қалбты өзгертетін мына дұғаны тастамай айтып, пана тілейтін.
قَلْبِى عَلَى دِينِك يَامُقَلِبُ الْقُلُوب ثَبِّتْ
“Иә, жүректерді Өзгертуші! Мені Өз дініңе бекем ете гөр”!- деп жалбарынатын. Абдуллаһ ибн Амр (радиаллаһу әнһума) Алла Елшісінің саллоллоһу алайһи уас салам былай дұға жасағанын жеткізеді:
اللَّهُمَّ مُصَرِّفَ الْقُلُوبِ صَرِّفْ قُلُوبَنَا عَلَى طَاعَتِكَ
«Иә, жүректерді бағыттаушы Алла! Біздің жүрегімізді Өзіңе бой ұсынуға бағыттай гөр! -деп әрқашан дұғада болатын.
“Қалбун”-жүректі білдіретін негізгі сөз. Жүрек адам денесіндегі жұдырықтай қуысты бұлшық ет. Ол тамырдан шыққан қанды үнемі айналысқа түсіретін нәрсені білдіреді. Алла Тағала Құранда иман мен жүрек аурулары туралы айтқан кезде «қалбун» сөзі қолданылады. “Фуад” сөзі «фаада» етістігінен пайда болады, ол жану немесе от дегенді білдіреді. “Фуад” сөзі жүректі эмоциялар мен сезімдер қоздырған кезде қолданылады. “Фуад” сөзі Құранда бақыт, қайғы, ашулану, өкіну және құмарлыққа толы болған кезде жүректі сипаттау үшін қолданылады. Алла тағала оның жүрегі “фуад” сөзін баласы дүниеге келгеннен кейін, оны Нілге жіберген Мұса ғалайһи саламның анасының ахуалын сипаттау үшін қолданады. “Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуга бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады”. Қасас с. 10-а.
وَأَصْبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَى
Алла тағала оның жүрегін, шыдамдылығын және Оған деген сенімін нығайтқаннан кейін, оның “фуад” жүрегі болды. Құранда «фуад» сөзін қолданудың тағы бір мысалы: «сіз білмейтін нәрсені орындамаңыз.
إِنَّ السَّمْعَ وَالْبَصَرَ وَالْفُؤَادَ كُلُّ أُولـئِكَ كَانَ عَنْهُ مَسْؤُولاً
Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады. Исра с. 36-а. Алла тағала біздің дене мүшелеріміздің де жауап беруге шақырылатынын айтады. Адам баласы күнә іс жасаған кезде, белгілі бір эмоциялардың әсерінен болғанын алға тартады. Бірақ, соның себебінен шекарадан өтуге мәжбүр болады. Содан кейін, біз өзімізге: «бұл мен емес, бұл барлық эмоциялар», – деп өз басын арашалауға ұмытылады. Бірақ, Алланың құзырында біз мұндай сылтаудан басымызды арашалап ала алмаймыз. Өйткені, әрбір ісімізде жүрек үшін жауаптымыз. Сонымен қатар, “Садр” кеуде мағынасында қолданылады. Мысалы, «Нас» сүресінде былай делінген:»
الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ
«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;» Шайтан азғыруды “қалбқа” өзінің амалдарын жасамайды, оны “садрға” жасайды. Алла тағала “қалбты” таза етіп жаратты. “Жүрек”-бекініс, ал көздер, тіл, құлақ және қолдар бекініске кіруге арналған қақпа. Шайтан ішке кіруге тырысып, бекіністің сыртын күтеді. Алланың рақымымен ол шайтанға біздің “қалбқа” кіруге рұқсат бермеді, тек “судурда”. Кіруге шайтан емес, өзіміз қақпамызды ашуға мүмкіндік береміз. Алланың қасиетті қарапайым сөздері, үлкен даналықты қамтиды. Құранды жан дүниемізбен түсіне отырып, біз оның жетілуіне және шексіздігіне одан әрі көз жеткіземіз.
كَلَّا بَلْ رَانَ عَلَى قُلُوبِهِم مَّا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты. (14) Мутафифин с.
الَّذِينَ آمَنُوا وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُمْ بِذِكْرِ اللَّهِ أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ [الرعد: 28].
Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады. (28) Рағыд с. Жүрегіміз Алланың құзырында өте маңызды ағзамыздың бірі болып, ерекше орынға қойлып тұрғандығы байқалып тұр. Жүоектің емі ол-Құран. Аллаға деген шынайы махаббат. Сондықтан тіліміз бен жүрегіміз Алланы еске алудан босамасын.
Мұсабек Ақтамберді ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамының бірінші орынбасары